Мемлекеттік опасыздық үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған Константин Сыроежкин қазақстандық азаматтықтан айырылды, деп NUR.KZ хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Константин Сыроежкин мемлекеттік опасыздық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оны Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырды”, – деп хабарлады сотта.
Сондай-ақ, хабарламада айтылғандай, сотталған адам жазасын барынша қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтейтін болады.
“Қылмыстық кодекстің 51-бабы негізінде негізгі жаза өтеуден кейін Константин Сыроежкин бұл адамның Қазақстан Республикасының аумағына бес жыл мерзімге кіруіне тыйым салумен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге мәжбүрлеп шығарылады”, – деп атап өтті баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін саясаттанушы мемлекеттік опасыздық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын алды.