Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлық схемаларын пайдалану жағдайлары жиілеп кетті. 104 анықталған құқық бұзушылықтардың 11-і осы салаға тиесілі.
Осыған байланысты облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Кездесудің басты тақырыбы мемлекеттік сатып алуды өткізу болды.
Жиналғандардың алдында сөз сөйлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Ернара Баянғазина қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу саласындағы ең көп таралған сыбайлас жемқорлық схемалары нақты жеткізушілердің мүдделерін қолдау, техникалық ерекшелігі бар жасырын махинациялар және жалған актілерге қол қою болып табылатынын атады.
Сондай-ақ кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының нәтижелері айтылды. Мәселен, қаржы басқармасы, “Қазсушар” филиалы және Мамлют санаториялық орта мектеп-интернаттың жұмысында сыбайлас жемқорлық схемалары анықталды.
Сондай-ақ, кездесу аясында қатысушылар өңірде білім беру саласында мемлекеттік сатып алу саласында жарты мыңға жуық артық баға көтеру анықталғаны туралы хабардар болды. Барлық анықталған фактілер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне тиісті хаттар жіберілді.
Сурет: inform.kz