Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов облыстық төтенше жағдайлар департаментінің арнайы көрмесіне барып, жаңа құтқару техникасымен танысты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша, облыстың құтқару қызметтерінің автопаркі жету қиын батпақты жерлерге бара алатын машиналармен толықты. Сондай-ақ өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған техника пайда болды. Оларды сатып алуға бюджеттен 640 миллион теңге бөлінді.
“Көктемгі кезеңде облыста су тасқыны болады. Апаттық-құтқару жұмыстарына жүріп өтуге қолайлы техника қажет. Биылғы жылы осындай 9 машина, сондай-ақ құтқарушылар үшін қажетті жабдықтар сатып алынды. Бұл ТЖ кезінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, соңғы 2 жылда орман шаруашылығы үшін 10 машина сатып алынды. Бұл, әрине, өрттің пайда болу қаупін азайтады. Облыста 700 мың га орман бар. Біз бұл байлықты сақтауымыз керек”, – деді аймақ басшысы.
Солтүстік Қазақстан әкімі жақын арада Петропавлдағы өрт сөндіру депосының құрылысы жоспарланғанын хабарлады. Оның айтуынша, ол болашақты “Береке” шағын ауданында салынады.
Суре: news.ivest.kz