Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов республикамыздағы Россотрудничество өкілдігінің басшысы Алексей Коропченкомен кездесті. Бұл туралы Нұр-Сұлтандағы Ресей Ғылым және мәдениет орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуде Солтүстік Қазақстанның Россотрудничество өкілдігімен ынтымақтастығына, оның ішінде гуманитарлық байланысты дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды.
Нығыметов пен Коропченко Россотрудничество өкілдігі жүзеге асырып жатқан жобалар өңір тұрғындарының қызығушылығын тудыратынын атап өтті. Осындай жобалардың бірі – Санкт-Петербургтегі фотосуретші Сергей Ларенковтың “Блокадалық альбом” көрмесі. Экспозиция фотоколлаждардан оның ішінде қоршаудағы Ленинградтың және қазіргі Санкт-Петербургтің суреттерінен тұрады.
Кездесу соңында тараптар Ұлы Отан соғысының басталуының 80 жылдығына орай Россотрудничество өкілдігі, Солтүстік Қазақстан қоғамдық ұйымдары мен облыс әкімдігі бірнеше қоғамдық жобаларды, соның ішінде конференциялар мен көрмелерді жүзеге асыратыны туралы келісті.