Солтүстік Қазақстан облысының аграрийлері 40 миллиард теңгеден астам субсидия алады. Мұндай соманы мемлекет отандық агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін бөлді. Бұл туралы “Хабар 24″ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бүгінгі күні коронавирус пандемиясы жағдайына қарамастан, егіс жұмыстарына дайындық жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы басқармасы барлық агроқұрылымдар тұқыммен және отынмен қамтамасыз етілгендігін мәлімдейді. Солтүстік Қазақстанда 4 миллион гектардан астам жерді дәнді, майлы және бұршақты дақылдар егуге ниетті.
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін шаруаларға 14 миллиард теңге бөлінді.
“Бүгінгі таңда техниканың дайындығы 98% құрайды. Тағы 2% қалды,менің ойымша, жақын арада 100 % дайын болады. Биыл да жаңа техника да сатып алынады. Бүгінгі таңда 6, 5 миллиард теңгеден астам сомаға 307 бірлік сатып алынды”, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ерболат Бекшенов.