Тұрғындармен есептік кездесу барысында облыс әкімі Құмар Ақсақалов Айыртау ауданындағы ең ірі “Сырымбет” қалайы кен орнының өңделуі ұзақ жылдарға созылғанын айтты.
“Жақында инвестор – Тигуан Майнинг фирмасы ашу жұмыстары мамыр айында бастайтынын растады. 2019 жылғы инвестициялар 4 миллиард теңге көлемінде болады. Жобаның толыққанды іске қосылуы 2021 жылы 100 миллиард теңге көлемінде тіркелген инвестиция сомасымен аяқталады”, – деді Ақсақалов.
Сондай-ақ, аймақ басшысы шетелдік инвесторларды тартумен құрама жем өндіру және ағаш өңдеу бойынша жобаларды іске асыруға “Тиелин Логистикс Инвест Компани” фирмасы “KAZMEAL” бидай өңдеу зауытының құрылысын бастағанын хабарлады. “PP Solutions” компаниясы мұнда заманауи Дата-орталық жасайды.
“Біз өнеркәсіптік аймақтағы нысандарды қалпына келтіру үшін бюджет бөлеміз, олар алдағы уақытта инвесторларға тиімді шарттармен ұсынылатын болады. Қазіргі уақытта 7 инвестициялық жоба әзірленуде, олар 2 жылдан кейін өңір экономикасына 80 миллиард теңгеден астам қаржы тартып, 1,5 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді”, – деді Ақсақалов.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы өңірге инвестиция көлемі 8,1% – ға артып, 212 миллиард теңгеге жетті.
Сурет: inform.kz