Солтүстік Қазақстан облыстық соты азаматтарды онлайн режимінде қабылдайды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, облыстық сот төрағасы бейне-конференц-байланыс арқылы қабылдау жүргізеді. Интернетке қолжетімділігі жоқ азаматтар сотқа жеке келуі мүмкін.
“Бұл азаматтардың облыстық сот төрағасының қабылдауында болуына мүмкіндік береді. Қызмет солтүстік қазақстандықтардың уақыты мен ақшасын үнемдеуге, адамдардың қажеттіліктеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Жеке қабылдауға алдын ала жазылу мәселелері бойынша облыстық соттың кеңсесіне телефон арқылы немесе виртуалды Call-орталыққа жүгіну қажет”, – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Азаматтарды онлайн режимінде қабылдау әр дүйсенбіде жүргізіледі.
Сурет: ivesti.kz