Қарағанды облысындағы АК-159/5 түзеу мекемесінде сотталғандардың бүлігін басу бойынша оқу-жаттығулар өтті. Бұл туралы облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері айтты.
Оқу іс-шаралары алдын-ала жоспарланған сценарий бойынша өтті, оған сәйкес тұтқындар тәртіпсіздік жасап, ал колония қызметкерлері оларды өз бетінше баса алмады.
Түзеу мекемесіне жанжалды реттеу мақсатында жеке қауіпсіздік және белсенді қорғаныс құралдарымен жабдықталған 175 әскери қызметші мен 40 офицер келді.
Жаттығу кезінде әскери қызметшілер бірнеше минут ішінде бүлікшілерді екі топқа бөліп, олардың әрқайсысын қоршап алды, нәтижесінде тәртіпсіздікті шешу міндеті толығымен орындалды.
Қарағанды қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде мұндай оқу іс-шаралары келісімшарт жасаушылардың жеке дағдыларын жетілдірумен бірге, оларды нақты қақтығыстарды жоюға дайындау мүмкіндігін беретінін атап өтті.
Ведомствода АК-159/5 колониясында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар жазасын өтеп жатқанын айтты.
Сурет: sputniknews.kz