Әскери-дипломатиялық корпустың халықаралық делегациясы Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтына барып, әскери оқу орнының оқу-материалдық базасымен танысты.
Делегация құрамына Әзірбайжан, Армения, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, Румыния, Түрікменстан, Түркия, Украина, Франция және Жапония әскери дипломаттары енді.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің , Халықаралық ынтымақтастық департаменті осы сапардың басты мақсаты ұшқыштар мен авиациялық инженерлерді оқыту және дайындау бойынша тәжірибе алмасу болып табылатынын хабарлады.
Сапар барысында делегаттар авиациялық қару-жарақты техникалық пайдалану,әуе кемелері мен авиациялық қозғалтқыштардың құрылымдары кафедраларына және оқу зертханаларына барды.
Қорытынды жасай отырып, әскери дипломаттар әскери институттың оқу-материалдық базасы мен профессорлық-оқытушылық құрамының кәсібилігін жоғары бағалады.
ҚР ҚМ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің ақпараты бойынша, қазақстандық әскери институтта еліміздің азаматтарынан басқа,ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының бағдарламасы бойынша Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген курсанттар оқиды.
Сурет: Inform.kz