Қазақстанның қорғаныс ведомствосында ұшқышсыз ұшу аппараты операторларының ұсталғаны туралы хабарлады.
“10 тамызда Қарағанды облысы жедел әрекет ету тобы рұқсатсыз ұшып, әскери бөлім объектілерін түсірген операторларды ұстады. Квадрокоптерден әскери бөлім объектілері мен іргелес аумақтарының түсірілімі жүргізілді.
Сонымен қатар, аталған ауданда ұшу және аэрофотототүсірілімге өтінімдер түспегені анықталды. Ұсталған адамдар, ҰҰА және материалдар Саран ауданының ішкі істер бөліміне тапсырылды. Рұқсат етілмеген ұшу мен аэрофотототүсірілім жүргізу туралы Ұлттық қауіпсіздік және көлік прокуратурасы органдары хабардар етіледі”, – деп хабарлады Қорғаныс министрлігінде.
Министрлікте ұшқышсыз ұшу аппараттарының ұшуына және әскери нысандарды аэрофотототүсіруге Қазақстан әуе кеңістігінің заңнамасы мен ережелері бойынша тыйым салынғаны туралы хабарлады.