35 жастағы қала тұрғыны үй ауласындағы белгісіз біреулер бұзақылық ниетпен белгісіз затты пайдаланып, оның 13 жасар ұлын аяғыан атып кеткенін хабарлады, деп мәлімет береді ustinka.kz.
Белгілі болғандай, өзінің сыныптастарымен бірге аулада ойнап жүрген бала шыртыл естиді,сол кезде сол жақ табаны жағынан қатты ауырсынады. Алайда, балалар атыс қайдан пайда болғанын түсінбеген. Олардың айтуынша, сол уақытта аулада олардан басқа ешкім болмаған.
Құқық қорғау органдары ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлімі “Бұзақылық” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оқ сараптамаға жіберілді, деп хабарлады Өскемен қаласы ІІД баспасөз қызметі.
Сурет: tengrinews.kz