Полицейлер нің 24 жасар Өскементұрғынының өзі-өзіне қол жұмсауына жол бермеді, деп хабарлайды ШҚО ӨҚД баспасөз қызметі.
Оқиға 9 наурызда орын алды.
Сағат 15: 30 -да Өскемен қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, көп қабатты тұрғын үйдің терезесінен секірмек болған адам туралы айтты.
Аталған жерге жедел-тергеу тобының полицейлері келді. Олардың арасында тергеуші Сағыныш Сәбіканов пен жедел уәкіл Қанат Дәуітханов болды.
Олар жас адамның пәтерін анықтады. Ол 8-ші қабатта орналасқан екен. Полиция қызметкерлері пәтерге кіріп, ер адамның терезе сыртында үрейлі күйде, дауыстап сөйлеп тұрғанын көрді.
Ер адам алдымен көндіре алмады, бірақ тергеуші сөйлесуді жалғастырып, ақырында көңілін тапты. Бір сағаттан астам уақытқа созылған келіссөздер барысында, полиция қызметкері ер адамды секірмеуге көндірді.
Оқиға орнында ер адамға психологиялық және медициналық көмек көрсетілді. Өзіне-өзі қол жұмсаудың себептері анықталуда.
Сурет: zakon.kz