Өскемен үшін бұл жыл оқиғаға толы болды. 11 айда қалада екі мыңнан астам жаңа бизнес-ұйым ашылды. Бұл туралы “Хабар24” ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бүгінгі күні Өскемен республиканың өнеркәсіптік орталығы болып табылады. Өңірдің негізгі экономикасын ірі кәсіпорындар құрайды, алайда сарапшылар шағын және орта бизнестің көлемін арттыру қажет деп есептейді.
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар тәуелсіздіктің алғашқы жылында қала шағын және орта бизнес кәсіпорындарына бай болмағанын айтты. Алайда, уақыт өте қалада жаңа кәсіпорындар құрылып, кейіннен жаңа жұмыс орындары пайда бола бастады.
Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Өскеменде бірегей шыны өндірісі ашылды. Кәсіпорынның ашылуы рәсімінде, ол Қазақстанда ғана емес, жалпы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы бірінші болып табылатыны атап өтілді.
Өз кезегінде қала әкімі бұл кәсіпорынның бірегейлігі – бір жерде әр түрлі өнім шығаруды жолға қойған ТМД кеңістігінде жалғыз кәсіпорын болып табылатынына назар аударды.