8 наурыз күні таңғы сағат 11-де Өскеменде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, Үлбі өзеніне көпірден секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған 32 жастағы әйелді құтқарды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері көңіл көтеру орындары мен адамдар көп жиналатын жерлерде орналасқан көшелердің учаскелерінде патруль қызметін жүргізді.
“Қыран-79” экипажының қызметкерлері спорт сарайының жанындағы көпірдің астындағы айналма жолмен келе жатып, Үлбі өзенінде адамды байқады.
Өзен ағысы қатты, полиция қызметкерлері, суға батып бара жатқан адамды ағыс алысқа алып кетпей тұрғанда, шұғыл көмекке асықты.
Патрульдік полиция батальонының инспекторлары Дәурен Оразбаев пен Азамат Жылқышинов өзеннен әйелді алып шықты. Ол ессіз болды. Полицейлер оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, әйелді сезімге келтіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Өзіне-өзі қол жұмсаудың себептері анықталуда. Психологтар құтқарылған адамға қажетті көмек көрсетуде.
Сурет: inform.kz