Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Сирия бойынша келіссөздердің кезекті раундын біздің Республикамыздың астанасында өтуі мүмкін екендігін айтты.
“Кезекті раунды өткізу бойынша кепілгер елдердің ресми нотасын біз әлі алған жоқпыз, келіссөздер жүргізілуде, кезекті раунд қараша айының соңында немесе желтоқсанның басында өткізіледі деп күтудеміз”,-деді ол.
Қазақстандық сыртқы саясат ведомствосының ақпараты бойынша, еліміздің астанасында Сириядағы жағдайды реттеу мәселелері бойынша келіссөздер 2017 жылдан бері жүргізілуде.
1-2 тамызда Нұр-Сұлтанда өткен, кепіл беруші елдер, атап айтқанда, Ресей, Түркия және Иран болып Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі келіссөздердің соңғы раундында Идлиб провинциясында бейбіт халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде нақты шаралар қабылдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрлігінің басшысы Сергей Лавров біздің республикамызға ресми сапармен келгенде, Ресей Федерациясы Астана процесі аясында жүргізіліп жатқан жұмысты жоғары бағалайтынын мәлімдеген болатын.
Сурет: russian.rt.com