Астанада өткен баспасөз мәслихатында, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері, Сирия аумағында әлі де 800 қазақстандық бар деп мәлімдеді. Оның ішінде 500-ге жуығы бала.
Бұл қазақстандықтар қаза тапқан ИГИЛ лаңкестерінің (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) жұбайлары мен балалары болып табыла ма СІМ-де түсіндірмеді.
ҰҚК Департаментінің бастығы Бақытбек Рахымбердиевтің айтуынша, қазіргі таңда Сириядағы лаңкестік ұйымдардың құрамындағы қазақстандықтарды азаматтықтан айыру шаралары қарастырылуда.
Естеріңізге сала кетейік, 6 қаңтарда Сириядан Қазақстанның 47 азаматы қайтарылды, олардың 30-ы балалар. Ұлттық қауіпсіздік органдары Отанымызға қайтарған қазақстандықтардың 7-уі террористермен ынтымақтастықта деп күдіктеніп отыр.
Сулет: abctv.tv