Қазақстанның Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов “KinderWorld International Group” сингапурлық компаниясының төрағасы және бас атқарушы директоры Рики Тан Тек Ионгамен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Компания Қазақстан аумағында халықаралық деңгейдегі білім беру мекемелерін салу бастамасын білдірді. “Kazakh Invest” ҰК ” АҚ білім беру саласындағы алғашқы инвестициялық жобаны жүзеге асыруға толық көмек көрсетеді.
Компания өкілдері “Кinderworld Kazakhstan”: балабақша – мектеп – колледж – университет сингапурлық үздіксіз білім беру моделінің білім беру орталығын құру” жобасын таныстырды. Қазіргі таңда Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында пилоттық жобаны іске асыру жоспарлануда.