ТАСС-Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі халықаралық кездесу желтоқсан айының басында Қазақстанда өтуі мүмкін. Бұл туралы дүйсенбі күні ресейлік журналистерге Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ҚР Үкіметі отырысынан хабардар етті, деп ХАА “ҚазАқпарат” хабарлайды ТАСС-қа сілтеме жасап.
“Желтоқсан айының басында өткізуге белгі бар”, – деді М. Тілеуберди, Сирия бойынша келіссөздердің күні туралы айтқан. “Тараптар желтоқсан айының басында келіссөздер жүргізуге ниетті. Біз ресми үндеу күтеміз”, – деп нақтылады СІМ басшысы. Естеріңізге сала кетейік, Сирия бойынша 13-ші халықаралық кездесу 1-2 тамызда Қазақстан астанасында өтті. Келіссөздерге Гарант-елдердің (Иран, Ресей және Түркия), Сирия үкіметі мен Сирия қарулы оппозициясының делегациялары қатысты. Бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания, сондай-ақ Ливан мен Ирактың өкілдері шақырылды.