4 қаңтардан бастап Түркістан облыстық орталығы мен Республикалық маңызы бар миллион тұрғыны бар Шымкент қаласын қосатын бес вагонды175 жолаушыға арналған электр пойызы іске қосылады. Бұл қала мәртебелерін жазда алды.
Жол жүру құны 609 теңге. “Жолаушылар тасымалы” АҚ ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлағандай, құрам аптасына екі күн – дүйсенбі және жұма күндері – жұмыс істейтін болады.
Жаңа көлік қалалар арасындағы қашықтықты еңсеру үшін 2 сағат 15 минут жүретін болады.
Электр пойызы салқындатқыштармен, көтергіштермен және арбамен жүретін мүгедектерге арналған орындармен жабдықталған.
Сурет: Sputnik / Стрингер