Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікте Шымкент қаласының жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері алаяқтық жасады деп күдіктеніп отыр.
“Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласындағы департаменті “Шымкент халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ Абай ауданы секторының меңгерушісіне қатысты алаяқтық фактісін анықтады. Ол өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, әлеуметтік көмек төлеу туралы оң қорытынды алуға жәрдем көрсету сылтауымен Т375 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алды деп күдіктеніп отыр. Осыған ұқсас алаяқтық фактісін “Шымкент әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ-нің инспекторы жасаған, ол сол сылтаумен 45 мың теңге жымқырды” – деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде.
Ведомствоның ақпараты бойынша, күдіктілерге қатысты процессуалдық ұстау, кінәні толық мойындауларына байланысты қолданылған жоқ.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлеріне қатысты түпкілікті шешімді сот шығаратын болады.