Шымкентте айналымда шектелген және тегін медициналық көмек аясында ұсынылатын дәрі-дәрмектерді сату фактісі анықталды. Бұл туралы Қазақстан Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Коронавирус пандемиясы мен карантиндік шараларды енгізу аясында дәрі-дәрмектердің жетіспеуі жағдайында ведомство біздің мемлекет аумағында дәрілік заттарды заңсыз сатуды анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты бастады.
“Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде берілетін дәрілерді қолдан заңсыз сату фактісі туралы жедел ақпарат келіп түсті. Шымкент қаласының тұрғыны заңсыз дәрі-дәрмектерді рұқсатсыз сатумен айналысқан. Алынған препараттардың бір бөлігін медициналық мекемелер халыққа тегін беруі тиіс”, – деп ведомстводан хабарлады.
Тегін медициналық көмек көрсету аясында дәрі-дәрмектерді ұрлау және оларды заңсыз сату фактісі бойынша тергеу басталды.