Баланың ата-анасы “Humana-1” балалар қоспасынан ауыр металл тапқан. Баланың ата-аналары мен БАҚ қызметкерлерінің қатысуымен қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері және балалар қоспасы компаниясының ресми өкілі баспасөз конференциясын өткізді.
“Humana 1” балалар сүт қоспасы қауіпсіз! Бұл туралы Шымкентте өткен баспасөз мәслихатында Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қызметкерлері мен белгілі компанияның өкілдері мәлім етті. Тексеру нәтижесі айқын: қауіпті заттар мен ауыр металдар, оның ішінде сынап екі айлық баланың ата-анасы айтқандай, сүт қоспасынан табылған жоқ.
“Балалар тағамы өнімдерінің қалдықтарын зерттеуге арналған зертханаға ата — ананың қатысуымен, осы қоспаның сынамасын талдауға тапсырылды, сондай-ақ “Humana” маркасының өкілі сол партиядан екі қаптамадан зерттеуге тапсырды, бұзушылықтар жоқ, құрамында сынап анықталмады”, – деді журналистерге Шымкент қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының м.а. Болат Нұрманов.
Бүлдіршіндер денсаулығына қауіпті компоненттердің бар-жоғын анықтау үшін шетелде де тексеріс жүргізген. Неміс Humana компаниясы 60 жыл нарығында өзін жоғары сапалы балалар тағамдарын өндіретін компания ретінде көрсетті. Осы себепті неміс өндірушілері аты шулы талқылауға аралаып, барлық айыптауларды сандырақ деп атаған.
“Ешқандай ауыр металдар анықталған жоқ, БАҚ берген барлық ақпарат дәйексіз және жалған. Біз зертханаларды тек Шымкентте ғана емес, Алматыда, Астанада және Германияда қосымша сынақтардан өткіздік. Бақылау үлгісін тексердік, сондай-ақ біз тағы бір үлгіні таңдап сатып алдық, сондықтан біз мәлімдемелердің сандырақ деп өзіміздің іскерлік беделімізді қалпына келтіруге ниеттіміз”, – деді “Humana GmbH”компаниясының өкілі Игорь БУЛАНОВ.
Шымкентте екі айлық сәби сынаппен уланып қалды деген жаңалық үлкен қоғамдық резонанс тудырды. Бала құсуға шағымданып қалалық балалар ауруханасына түсті. Оның ата-анасы айтқандай, “Humana-1″сүт қоспасын қабылдағаннан кейін бала өзін нашар сезінді. Олар БАҚ-қа балалар тамағында сынапқа ұқсас зат табылғанын айтты. Сынапты дәрігерлер де баланың үлкен дәретінен тапты. Ақпарат расталмады, бүгін баланың ата-анасы әлемдік аты бар компаниядан кешірім сұрады.
“Мен “Humana”компаниясынан кешірім сұраймын. өз айыптауымды кері аламын. Ең бастысы, қазір менің балам өзін жақсы сезінеді “, — деді баланың әкесі Пулат Байжиенов.
Екі айлық бала үйде. Шәкәрімді ауруханадан қанағаттанарлық жағдайда шығарды. Сараптама нәтижесіне қарамастан, ата-аналар баланы басқа қоспамен тамақтандырады. Бір нәрсе түсініксіз – неге бала өзін нашар сезінді. табылған биоматериал,белгісіз зат ұлттық сараптама орталығына жіберілді, бірақ олар мұндай субстанциялармен жұмыс істемейді. ата-аналар мен дәрігерлер тапқан сынапқа ұқсас материал не екені әзірге құпия.
Сулет: otyrar.kz