Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Саясат

Шымкентте саяси тұтқындарды қолдау акциясы өтті

6 года назад
В Шымкенте прошла акция в поддержку политзаключенных

Шымкент қаласында «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті және басқа да саяси қайраткерлерді қолдау мақсатында наразылық акциясы өтті. Белсенділер оларды босатуды талап етті. Бұл туралы «Азаттық радиосы» хабарлайды.

Шымкент қаласында жексенбі, 4 тамыз күні таңертең жергілікті тұрғындар ел билігінен 2009 жылдан бастап 14 жылдық түрме мерзімін өтеп жатқан және өткен аптада сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартқан «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті бостандыққа шығаруды талар етті. Акция басында Шымкент қаласындағы Абай атындағы саябаққа Жәкішевтің портреті бар плакат, оны босатуға шақырған үнпарақ ұстаған 15-ке жуық адам шыкты.Кейін жиналғандар саны екі есеге артты», — делінген хабарламада.

Наразылық акциясы барысында азаматтық белсенді Данияр Бәйтілеу, 21 ғасырда елімізде саяси тұтқындардың болуы ұят екенін негізге ала отыра, ең бірінші саяси тұтқындарды босату керек деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, белсенділер сөз бостандығын шектеу туралы,бейбіт митингілерді өткізу қиынға түсіп отырғанын айтты,олардың кейбіреулері сайлау тақырыбына да қатысты сөз сөйледі.

«Егер елде жұмыссыздық болмай, зауыт-фабрикалар жұмыс істеп тұрса, ал адамдар лайықты жалақы алса,наразылық білдіруге шыға ма? Материалдық жетіспеушілікке байланысты қанша отбасы айырылысып, қанша отбасы пәтер жалдауға мәжбүр?»- деді белсенділердің бірі.

Акцияға қатысушылар бір сағат бойы тұрып, үйлеріне тарқасты. Митинг бейбіт өтті. Ұстау болған жоқ.

Новости СМИ2
Алдыңғы

Арыс қаласының мектептері алдағы оқу жылына толығымен дайын

Келесі

Нұр-Сұлтанда мұнаралы кран салынып жатқан нысанға құлады

Ұсынамыз Пост

Бекшин қашықтан жұмыс режиміне көшуді ең тиімді шара деп атады
Саясат

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/

20/05/2021 15:33

Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ...

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

20/05/2021 12:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын форматтағы кездесуден кейін екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту,...

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты
Саясат

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты

12/05/2021 18:33

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға...

Еліміздің Президенті бірқатар заңдарға қол қойды
Саясат

Тоқаев Жапония премьер-министрімен телефон арқылы маңызды мәселе талқылады

12/05/2021 14:30

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы Жапония премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс тіледі деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Токиода өтетін...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.