Шымкент полицейлері 9 жасар қызды зорлаған күдікті бүгін ұсталды.
«Осы жылдың 5 қаңтарында Шымкент қаласында кәмелетке толмағанды зорлады деп күдіктенген адам анықталып, ұсталды. Ол Алматы қаласының тұрғыны болып шықты», — деп хабарлады полицейлер.
Күдіктіні куәгерлер мен жәбірленушінің өзі таныды.
«Істі тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201 — бабына сәйкес жариялануға жатпайды», — деп атап өтті Түркістан облысының полиция департаментінде.
Полиция қызметкерлері Шымкенттік ата-аналарды өз балаларына мұқият болуға және мектепте алдын алу әңгімелерін өткізуге шақырады.
Сулет: nur.kz




