Бүгін Шымкентте газ құю стансасында бірнеше автоцистерна жарылды, зардап шеккен адам бар. Бұл туралы Қазақстан Ішкі Істер Министрлігі Төтенше Жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«11.03-да өртке қарсы қызмет пультіне Шымкент қаласы Жібек жолы даңғылындағы «Мураз» ЖШС-нің газ құю станциясы аумағында автоцистернаның жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері келген соң, 11.20-да сыйымдылығы 200 текше метр жер бетіндегі цистернаның өртенуі және үш автоцистерна мен бір тіркеменің (Man V-50 текше метр, екі «ЗиЛ» автокөлігі, әрқайсысы V-7 текше метр және V — 50 текше метр тіркеме) жарылысы анықталды», — деп хабарлады жұма күні ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Ол өрт 12:21-де ауыздықталып, 12:53-де толықтай жойылғанын мәләімдеді
«1999 жылы туған жанармай құюшы болып жұмыс істейтін, күйік шалған ер адам ауруханаға жатқызылды», — деп толықтырды Нұрахметов.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, өртті жоюға Шымкен қаласының төтенше жағдайлар департаментінің 21 техникасы мен 90 қызметкері жұмылдырылды.




