Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 10 наурыздағы шешіміне сәйкес әрбір тарап үшін аптасына 2 рейс жиілігімен Шымкент – Ыстамбұл – Шымкент бағыты бойынша халықаралық тұрақты рейсті қайта бастауға рұқсат етілді.
2021 жылғы 5 сәуірден бастап “SCAT” авиакомпаниясы Шымкент және Ыстамбұл қалалары арасында аптасына 2 рет жиілікпен рейстерді орындауды бастайды. Рейстер б737 типті әуе кемесінде дүйсенбі және сәрсенбі күндері орындалатын болады”, — деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.