Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов 5 шілдеден бастап өңірдің екі қаласына кіруге және одан шығуға тыйым салынатынын мәлімдеді. Бұл туралы tengrinews.kz ақпа хабарлайды.
Сөз Өскемен мен Семей туралы болып отыр. Облыс әкімінің айтуынша, оларды жабу туралы шешім індеттің таралуының алдын алу мақсатында қабылданды.
Даниал Ахметовтың айтуынша, Шығыс Қазақстанда қалалар мен аудандар бойынша азаматтар мен көліктің қозғалысын барынша азайту шаралары қабылданатын болады.
“Мұның бәрі коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін жасалады. VVID-19-ке қарсы күресте тек өзін-өзі оқшаулау пәрменділігін көрсетті. Карантиндік шаралар кезеңінде облыста ауырғандар саны 135 болды. Маусым айында бұл көрсеткіш өсті, әлі де өсіп жатыр”, – деді аймақ басшысы.
Даниал Ахметов бүгінгі таңда аймақ коронавируспен күреске толық дайын екенін айтты. Ол үшін облыста 1700 жұқпалы, 2500 провизорлық және карантиндік төсек-орын дайындалды.
Соңғы деректер бойынша, Шығыс Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1719 жағдайы расталды, ал Қазақстанда олардың саны 44075-ке жетті.
Сурет: vlast.kz