EasternGold ЖШС Шығыс Қазақстан облысында алтын өндіру фабрикасын салу ниеті туралы мәлімдеді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасында хабарлады.
«Компания «Родниковое»кен орнын игеру үшін алтын өндіру фабрикасын салуды жоспарлап отыр. Жобаның құны 800 миллион теңгені құрайды», — деп хабарлады ведомстводан.
Зауыт жылына 150 килограмм Доре қорытпасын өндіретін болады.
«Бұл жобаны қазақстандық инвестор өз қаражаты есебінен жүзеге асырады. Құрылысты 2020 жылы аяқтау жоспарлануда», – деп нақтылады басқарма.
Сурет: inbusiness.kz




