АҚШ-тың төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозер жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келіп, облысы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашевпен кездесті.
Кездесуге ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшылары Марат Қабақов, ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Азамат Мухамедчинов, ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан және Қазақстандағы АҚШ елшілігінің мәдени бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері Лэнс Эриксон, Айгүл Жолдасбаева қатысты.
Кездесу барысында әкімнің орынбасары Америка дипломатына Шығыс Қазақстан облысының артықшылықтары туралы айтты..АҚШ елшісіне Қазақстанның өнеркәсіптік орман қорының 70%-ы ШҚО-да екенін және бұл жер гидроэнергетикалық көздерге бай екенін мәлімдеді.
Өз кезегінде, Америка Құрама Штаттарының дипломаты біздің еліміздің шығыс өңірінің сұлулығына таңқалғанын және келесі жылы ШҚО-ға жұмыс сапарын қайтадан келуге ниетті екенін айтты.