Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың төрағалығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері бойынша өңірлік штаб отырысы өтті.
Кездесуге қатысушылар алдында сөз сөйлеген “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” басқармасы төрағасының орынбасары Марат Шоранов келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап республикада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылатынын хабарлады.
Отырыста міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың басты артықшылықтары: клиника мен дәрігерді таңдау мүмкіндігі, медициналық қызмет көрсету және қымбат операциялар үшін шығындарды төмендету болып табылатыны атап өтілді.
Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру алу үшін ай сайын осы жүйенің қорына төлем жіберу қажет екендігі атап өтілді. Келесі жылы Қазақстанның халқының 95%-ы медициналық сақтандырылған болады деп жоспарлануда.
Отырыс соңында қатысушылар осы жылдың соңына дейін бейресми жұмыспен қамтылған азаматтар мәртебесін өзектендіруге бағытталған жұмысты аяқтау, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне төлемдерді уақтылы жіберу туралы ақпаратты барлық меншіктік нысанындағы ұйымдарға жеткізу қажет деген жалпы қорытындыға келді.
Сурет: Inform.kz