Бүгін ҚХР Сиань қаласында өткен Еуразиялық экономикалық форум барысында Қазақстаннан ежелгі жартас суреттері бар Тамғалы шатқалы қосылған «ШЫҰ 8 кереметі» туристік жобасы таныстырылды. Бұл ХАА «ҚазАқпарат» тілшісі хабарлайды.
«ШЫҰ 8 кереметі» жобасы — бұл ШЫҰ елдерінің архитектурасы мен тарихының бірегей сегіз ескерткіші. Олардың арасында Қазақстандағы 4 мың жартас суреті бар Тамғалы шатқалы бар. Нысан ЮНЕСКО-ның тарихи мұрасы тізіміне енді. Үндістаннан әлемнің ғажайыптарына Валабхаи Пателя 182 метрлік мүсіні, Қырғызстаннан-Ыстықкөл көлі, Тәжікстаннан — Навруз сарайы, Өзбекстаннан-12-16 ғасырлардағы «Пои Калян» архитектуралық ансамблі, Ресейден — «Золотое кольцо»бағыты енді. Қытайдан Дамин сарайы, Пәкістаннан — Лахор қаласының моголь мұрасы ұсынылды.
«ШЫҰ елдерінің туристік нарығы тартымды және перспективалы ретінде сипатталады. ШЫҰ-ның әрбір мүшесінен туристерді қызықтыратын мәдени нысандар таңдалды. Жоба бірыңғай туристік маршрутты қалыптастыруға бағытталған», — деді ШЫҰ Бас хатшысы Владимир Норов.
Ол сондай-ақ әлемде туризмнен түскен табыс жыл сайын өсіп келе жатқанын, өткен жылы көрсеткіштер 5 пайызға өсіп, 5 трл долларды құрайтынын айтты. Бүгінгі таңда туризмді дамыту перспективалы бағыт ретінде қарастырылуда.
Экономикалық форумның ұйымдастыру комитеті Бас хатшысының орынбасары Ван Канвей ШЫҰ елдерінің тарихи-мәдени мұрасының әлеуеті толық көлемде пайдаланылмайды деп санайды.
«Қытайда шығу туризмінің буы орын алуда. Жыл сайын 150 млн адам шетелге шығады. Оның ішінде Ресейге-2 млн жуық, ал Орталық Азия елдеріне-одан да аз», — деп айтты ол.
Сурет: inform.kz