Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Михаил Мурашко Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдерге коронавирусқа қарсы Ресейде әзірленген вакцина жеткізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды оның баспасөз қызметі.
Михаил Мурашко бұл мәлімдемені ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Денсаулық сақтау министрлерінің бейнеконференцбайланыс арқылы кеше өткен мәжілісінде жасады.
Сонымен қатар, Ресей министрінің айтуынша, COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцинаны ШЫҰ елдеріне жеткізу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын, алайда дәрі әлі ресми түрде тіркелмегендіктен, бұл туралы айтуға әлі ерте.
Бұған дейін біздің республикамыздың Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан өкілдері коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны елге жеткізу туралы Ресеймен келіскенін айтқан.
Алайда препаратты жеткізудің нақты мерзімі жоқ. Барлығы ресейлік вакцинаның клиникалық сынақтардың барлық кезеңдерінен өтіп, жаппай пайдалануға жіберілгені ресми түрде расталғанына байланысты болады.
Сурет: kun.uz