Факты истории

ШЫҰ елдері лаңкестікке қарсы ауқымды оқу-жаттығу өткізеді

Ресейдің Кемерово қаласында Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Үндістан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қытай әскери өкілдерінің келіссөздері басталды. Іс-шараның күн тәртібінде алдағы «Бейбіт миссия — 2020» терроризмге қарсы жаттығулар мәселелері қаралады.

Орталық әскери округ штабы бастығының орынбасары генерал-майор Рустам Миннекаев оқу-жаттығу ауқымды сипатта болатынын мәлімдеді.

Рустам Миннекаев келіссөздер барысында ШЫҰ-ның әскери өкілдері оқу-жаттығуларға қатысты бірнеше маңызды мәселелерді талқылайтынын атап өтті. Сондай-ақ олар әскери іс-шараның негізгі бөлігі өтетін Юрген полигоны аумағын тексеруге аттанады.

«Бейбіт миссия-2020» аталатын лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулары үстіміздегі жылы жаздың соңында Ресейдің Кемеров облысындағы Юргинский полигонында Орталық әскери округ аумағында өтеді.

Алдағы оқу-жаттығудың басты міндеті әскери қызметшілердің ШЫҰ-ға қатысушы елдердің біріккен күштері құрамында лаңкестікке қарсы операцияны өткізу сценарийін пысықтауы болып табылады.

Сурет: Yandex.by

Ещё в ленте

Все новости