Швейцария Президенті Ули Мауер Қазақстанға ресми сапармен келеді,деп ХАА «ҚазАқпарат» Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап хабарлайды.
«21-22 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына ресми сапармен Швейцария Конфедерациясының Президенті – Қаржы министрі Ули Маурер келеді. Швейцария делегациясының құрамына бизнес өкілдері кіреді. 22 қарашада «Ақорда» резиденциясында мемлекет басшыларының шағын және кеңейтілген форматтағы келіссөздері жоспарланған, оның барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай — күйі мен перспективаларын талқылау жоспарланған», — деп хабарлады Facebook-тегі өзінің бетінде Берік Уәли.
ҚР Президентінің баспасөз хатшысы атап өткендей, сапар аясында Ули Мауераның Қазақстан Үкіметі басшылығымен кездесуі, екі елдің іскер топтарының қатысуымен өткен дөңгелек үстелде сөз сөйлеуі күтілуде.
 



