Таразда ЖД-158/2 колониясының қызметкерлері жеке заттарын тексеру барысында қамаудағылардың бірінің жұбайы жеткізуге тырысқан азық-түліктерден есірткі тапты. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның ақпараты бойынша, әйел есірткі затын (гашиш) майға салып, оны алты орамға орап тастаған. Контрабанданың жалпы салмағы 20 грамм.
Оқиға мереке күндері орын алғаны белгілі. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша 297-бап бойынша қылмыстық тергеу жүргізілуде (есірткі заттарды, оған ұқсас заттарды ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату). Әйел бес жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бұған дейін осындай жағдай Қостанай облысында болған, сотталған адамға салмағы 33 грамм гашиш жеткізбек болған.
Сулет: sputniknews.kz