Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев ТМД елдері кеңістігінде COVID-19 вакцинациясының төлқұжатын өзара мойындау және оларды халықаралық жүйелерге біріктіру мәселесін қарастыруды ұсынды.
«Вакцина төлқұжаты туралы мәселе қазір бүкіл әлемде қызу талқылануда. Пікірталастар әр түрлі, кейде қарама-қайшы пікірлер тудырып жатыр», – деді ол ТМД Парламентаралық ассамблеяның пленарлық отырысында.
Сондай-ақ ол вакциналау төлқұжатын халықаралық жүйелермен біріктіру мүмкіндігін атап өтті.
«ТМД кеңістігінде біздің мемлекеттерімізде вакциналау төлқұжатын өзара мойындау және оларды халықаралық жүйелермен біріктіру мәселесін қарастыру орынды деп санаймын», — деді Әшімбаев.