Желіде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заң жобасының тұжырымдамасы пайда болды. Онда Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлеріне шетел банктерінде шот ашуға тыйым салуы мүмкін делінген, деп хабарлайды inbusiness.kz ақпараттық ресурсы.
Құжатта 2017-2019 жылдарға арналған офшорлық юрисдикциялармен операцияларды қысқарту жөніндегі кешенді жоспарды орындау шеңберінде Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге шетелде шот ашуға тыйым салу жоспарланған, алайда кейін мұндай тыйымды енгізуді жою туралы шешім қабылданды.
Нәтижесінде соңғы бес жылда Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетелге ақша қаражатының кетуі 86 миллиард долларды құрады.
Сондықтан да біздің республикамыздың мүдделі мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметкерлерге шетелде шот ашуға тыйым салуға қатысты мәселені қайта пысықтауды ұсынуда.
Бұл жөнінде Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде мұндай тыйымды енгізу ұлттық қауіпсіздікке оң әсер етумен қатар, жалпы республика үшін тиімді болатынын мәлімдеді.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақшаны жылыстату және біздің елден капиталды шығару тәуекелдерін төмендетуге бағытталған заңға қол қойды.
Сурет: krassever.ru