Қазақстанның мәдениет және спорт Вице-министрі Өркен Бисақаев шетелде жүрген туристерді елге қайтару үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.
Шетелде жолдамалар бойынша бүгінгі күні төрт мыңнан астам турист бар.
Қазақстандықтардың негізгі бөлігі қазір Египетте демалуда. Сондай-ақ біздің мемлекетіміздің азаматтары Біріккен Араб Әмірліктерінде, Үндістанда, Таиландта және Мальдивада демалуда.
“Қазір туристерді уақытында қайтару бойынша шаралар қабылдануда. Бұл туристерді тасымалдауды екі қазақстандық әуекомпания жүзеге асырады: Air Astana және Scat. Қазір осы авиакомпаниялардың туристерді қайтару үшін ұшуының техникалық және қаржылық мәселелері талқылануда”,-деді вице-министр.
Ол жақын жердегі авиарейспен 223 Қазақстан азаматы жеткізіледі деп атап өтті.
Сурет: sputniknews.kz