Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 13 маусымда “субботаж” деп аталған оңтүстік астанада өткен шеруге қатысқаны үшін бұрын қамауға алынған белсенділерге тағы да тұтқындау тағайындады, деп хабарлайды адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық бюроның баспасөз қызметі.
Сөз Ноян Рақымжанов, Абайбек Сұлтанов, Асхат Жексебаев және Қайрат Қылышев туралы болып отыр. Олар біздің елімізде тыйым салынған “Қазақстанның демократиялық таңдауы” ұйымының көшбасшысы Мұхтар Әблязов шақырған шеруге қатысқаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды.
Алматы сотының шешімімен Ноян Рахымжанов тағы да 15 тәулікке, ал шерудің басқа үш қатысушысы – бес тәуліктен қамауға алынды.
“Субботаж” атты шеруден кейін барлығы 13 адам қамауға алынды. Олардың кейбіреулеріне 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды.
Бұған дейін хабарланғандай, шетелде тұратын Мұхтар Әблязовтың шақыруымен 13 маусымда оңтүстік астанада 100-ге жуық қала тұрғыны қатысқан шеру өтті. Сол күні осындай іс-шаралар Нұр-Сұлтан мен Шымкентте де ұйымдастырылды.
Сурет: news.myseldon.com