Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметкерлері Тәжікстаннан біздің ел аумағына есірткі заттарын әкелу әрекетінің жолын кесті.
20 қыркүйекте Түркістан облысы Сарыағаш ауданы аумағындағы “Жібек жолы” өткізу пунктінде ҚР ҰҚК шекара қызметінің әскери қызметшілері мемлекетке ірі героин әкелудің жолын кесті. Тәжікстан Республикасы азаматының көлігін тексеру кезінде құпия белгілер табылды. Тереңдетілген техникалық тексеру барысында автокөліктің бамперінде 12 килограмм ерекше белгілері бар зат табылды, сараптама жүргізіліп,героин екені анықталды”, – деп хабарлады шекарашылар.
Тәртіп бұзушы,оның автомобилі және алынған есірткі партиясы сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін Қазақстанның құқық қорғау органдарына берілді.