Шығыс Қазақстанда “Шығыстүстімет” ЖШС Орлов өндірістік кешенінің шахтасында екі адам қаза тапты,бұл туралы ІІМ ҚазАқпарат тілшісі KAZ Minerals Тобының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствода хабарланғандай, 2020 жылдың 16 маусымында сағат 22:00 шамасында Орлов шахтасының екі қызметкері жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қаза тапты. Тағы бір зардап шегуші одан әрі медициналық тексеру үшін Бородулиха аудандық ауруханасына жеткізілді.
“Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды”, – деп түсіндірді баспасөз қызметі. Бұл ретте компанияда KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтатынын атап өтті. Компания зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетеді.
Сурет: inform.kz