Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күні түлектердің төрттен бірі тестілеудің бірінші кезеңін сәтті тапсыра алмады. Тестілеуге барлығы 12,7 мың түлек қатысты. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші ағымына республика бойынша 12 772 мектеп түлегі қатысты, оның ішінде қазақ тілінде – 11361, орыс тілінде – 1411 адам . Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Түркістан облыстары бойынша 39 пункт жұмылдырылды. Бес пән бойынша орташа балл 74,2 құрады. Шекті деңгейден өткен қатысушылар саны – 9338, өтпегендер саны – 3434”, – деп хабарлады Қазақстан Білім және ғылым министрлігінде.
Министрлікте, олардың есебі бойынша, тестілеуге 13 мыңға жуық түлек қатысатыны жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусымда Қазақстан Республикасында басталды.Тестілеуге барлығы 117242 түлек қатысуға ниет білдіреді.