Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының дағдарыстық әрекет ету орталығында бейнеконференция форматында коронавирустық инфекцияның алдын алу және оған қарсы күрес мәселелері бойынша ҰҚШҰ мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің әскери-медициналық қызметтері басшыларының жоспардан тыс консультациялары өтті. Бұл туралы ҰҚШҰ баспасөз қызметі хабарлады.
Консультацияларға қорғаныс ведомстволарының эпидемиология, жұқпалы аурулар, анестезиология-реаниматология саласындағы бас мамандары қатысты.
Қатысушылар обсервациялық тәртіптегі жұмысты ұйымдастыруға, сондай-ақ ауыр науқастарды жүргізу тактикасына қатысты баяндамалармен сөз сөйледі.
ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров мамандардың инфекцияның алдын алу және емдеу мәселелерін талқылағанын, азаматтық медицинамен өзара іс-қимыл арқылы, сондай-ақ Италия мен Сербияда коронавирусқа қарсы күресте ресейлік әскери қызметшілер көмек көрсету кезінде қол жеткізілген Ресей Қорғаныс министрлігі Медициналық қызметінің тәжірибесімен танысқандығын атап өтті.
Кеңес соңында ағымдағы жағдайды талдау және ҰҚШҰ елдерінің мамандары арасында жедел тәжірибе алмасу бойынша онлайн режимінде өзара іс-қимылды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сурет: odkb-csto.org