Ресей қорғаныс ведомствосы басшысының орынбасары Валерий Герасимов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы әскери комитетінің кезекті отырысын онлайн режимінде өткізді. Бұл туралы ҰҚШҰ баспасөз қызметі хабарлайды.
Бейнеконференцияға Қазақстан, Армения, Беларусь, Тәжікстан және Қырғызстан Қарулы Күштері Бас штабының өкілдері қосылды.
Отырысқа қатысушылар алдында сөз сөйлеген Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі басшысының орынбасары қатысушыларды Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.
Онлайн-кездесу кезінде ҰҚШҰ елдері Қарулы Күштері Бас штабының өкілдері ұйымның ұжымдық қауіпсіздігінің Кавказ, Шығыс-Еуропа және Орталық Азия аймақтарындағы әскери қауіпсіздік мәселелерін қарастырды.
Сондай-ақ, бейнеконференция аясында қатысушылар коронавирустың таралуына байланысты жағдайды ескере отырып, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару органдарының 2020 жылға арналған бірлескен даярлау жоспарын іске асыру тәртібін нақтылады.
Тараптар ҰҚШҰ Ұжымдық авиациялық күштерінің құрылымы мен құрамын жетілдіру және ұйымның талдау орталығын құруға қатысты мәселелерді талқылады.
Бейнеконференция соңында ҰҚШҰ әскери комитетінің мүшелері ұйымның мультисервистік байланыс желісі жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын мақұлдады.