Қазақстан үкіметі бірқатар кадрлық өзгерістер енгізді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мағауов Әсет Маратұлы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің орынбасары болып тағайындалды. Болат Ақшолақов өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова, басқа жұмысқа ауысуына байланысты, ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды.
ҚР Мәдениет және спорт министрі бұйрығымен Бораш Қуат Қахарманұлы тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.
Сурет: primeminister.kz