Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Қазақстан Республикасындағы Сербия Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Владан Матичпен және Қазақстанның Сербиядағы құрметті елшісі Миланка Каричпен кездесті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Кездесуде Нұр-Сұлтанда көп пәтерлі тұрғын үй кешенін салу мәселелері талқыланды.Алтай Көлгінов еліміздің астанасында қолайлы инвестициялық климат үшін барлық қажетті жағдайлар жасалатынын айтты.
Оның айтуынша, Moody ‘s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігінің мәліметтері бойынша, Нұр-Сұлтанның несиелік рейтингі “тұрақтыдан” “тиімдіге” ауысты, қаланың инвестициялық рейтингі де осы бағалау көрсеткішінде.
Кездесу қорытындысы бойынша сербиялық инвесторлар Қазақстанның елордасының құрылыс секторына 80 миллиард теңге жұмсайтыны атап өтілді.