ҚР Парламентінің жоғарғы палатасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысы өтті, оның барысында шекара маңыны тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасынан өту тәртібі туралы заң жобасы қаралды.
Қолданыстағы келісімге сәйкес, біздің еліміздің азаматтарында шекарадан өту кезінде жеке басын куәландыратын құжаттар және азаматтарды тіркеу кітабынан үзінді көшірме болуы тиіс.
2011 жылы Қазақстанда азаматтарды тіркеуді есепке алу кітабы жойылды. Осыған байланысты заң жобасына хаттама енгізу жоспарланып отыр, оған сәйкес жеке куәлікке шекаралық аймақтың елді мекенінде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат қоса берілуі тиіс.
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұржан Нұрсипатов бұл хаттаманы қабылдау РФ-мен шекаралас аймақтарда, мемлекеттік шекарада тұратын еліміздің азаматтарының өту процесін реттеп, Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін айтты.
Сурет: 24.kz