Ақтөбе облысында өткен мәжіліс аясында Қазақстан Парламенті жоғарғы палатасының депутаттары ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерімен танысты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Облыста ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі кеңеске сенаторлар Марат Тағымов, Мұхтар Жұмағазиев, ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысты.
Қазіргі уақытта өңірде агроөнеркәсіп кешенін дамытудың үлкен әлеуеті бар, алайда ауыл шаруашылығына қатысты проблемалар да аз емес.
Облыс әкімінің орынбасары Аманбай Бердалиннің айтуынша, өңірдегі ауыл шаруашылығы мәселелеріне тұқым шаруашылығының төмен дамуы, ауыспалы егісті сақтамау және топырақтың тозуы жатады. Бұдан басқа, жануарлардың терісі мен жүнін өткізуге байланысты проблемалар бар.
Кеңес соңында аймақ әкімі Оңдасын Оразалин кездесудің мақсаты өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын бірге талқылау болып табылатындығына назар аударды.
Сурет: Inform.kz