Сенат төрайымы Дариға Назарбаева Палестинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Монтасер Абу Зейданы қабылдады. Бұл туралы ҚР Парламенті жоғарғы палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында елші Дариға Назарбаеваның Қазақстан Парламенті Сенатының төрайымы қызметіне сайлануына байланысты Палестина Ұлттық Кеңесінің құттықтау хатын табыс етті.
“Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Таяу Шығыс проблемасын бейбіт жолмен шешуді қолдайды, Палестинаны тезірек әлеуметтік-экономикалық оңалтуға бағытталған халықаралық қоғамдастықтың гуманитарлық акцияларын қолдайды”, – деді Назарбаева.
Кездесу барысында қатысушылар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қатысты мәселелерді талқылады.Сенат төрағасы “Абу-Даби Плаза” көпфункционалды кешені құрылысының барысы туралы хабардар етті.
Тараптар инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды. Сонымен қатар, кездесуде Палестина азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету мәселелері талқыланды.
Сурет: inform.kz