Қазақстан Парламенті жоғарғы палатасының төрағасы Дариға Назарбаева Ресей үкіметінің басшысы Дмитрий Медведевпен кездесті. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында біздің ел азаматтарының Ресей аумағында жүріп-тұру және болу жағдайларын құқықтық қамтамасыз етуге, шекаралық өткізу пункттерінің мәртебесін өзгертуге қатысты мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, тараптар бірлескен Экологиялық кодекс құру мәселелерін қарастырды.
Сондай-ақ, келіссөз аясында Сенат төрағасы Ресей мен Украинаға қазақстандық көмірді жеткізу жағдайына назар аударды. Назарбаева қазір отандық кәсіпорындар үшін украиндық нарықтар жабық, ресейлік нарықтарға қол жеткізу де айтарлықтай қысқарғанын атап өткендей
“Қазақстандық көмір үшін басқа өткізу нарықтары жоқ. Еуропалық бағыт бағаның құлдырауы мен көлік шығындарының өсуіне байланысты іс жүзінде тоқтады. Мұндай жағдайда ресейлік талаптар біздің көмір өндіруші кәсіпорындарымызды тоқтау шегіне қояды”, – деді Сенат төрағасы.